top of page
  •      «Үлкен Алтай әлемі» - Орталық және Ішкі Азияны зерттеумен шұғылданатын әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың барлық салаларындағы ғалымдардың басын қосатын, Алтай кеңістігіндегі теория мен практиканың пәнаралық және салыстырмалы зерттеулеріне арналған халықаралық ғылыми журнал. Жоба Үлкен Алтайдың символдары мен ментальды образдарын, тарихжазу мәселелерін, мәдени географиясын, әлеуметтануы мен философиясын зерттеушілердің пікірлесу алаңын қалыптастыруға бағытталады.  

  •            Тұрақты айдарлар:

  • -           Әдіснама және теория;

  • -           Тарих,  дінтану;

  • -           Археология, этностану;

  • -           Тарих география, антропология, демография;

  • -           Ғылыми жоба;

  • -           Пікірлер.

  •       Журналдың миссиясы жаңа зерттеу бастамаларын өзектендіру, ғылыми жобалардың нәтижелерімен таныстыру, дискуссиялар жүргізу, басылымдарға пікір білдіру болып табылады. Басылымдарды іріктеудің басты шарттары өзектілік, практикалық маңыздылық, ерекшелік және мақаланың журнал профиліне сәйес келуі болып табылады.  Журнал қазақстандық және шетелдік авторларға бірдей ашық, сонымен қатар редакцияға ұсынылатын материалдар ғылыми этика ұстанымдарына жауап беріп, Қазақстан Республикасының БАҚ жайлы заңнамаларының нормаларына сәйкес келуі қажет.

  •          Журналдың редакциялық кеңесінің мүшелері - қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар. Редакциялық алқа келіп түскен мақалаларға жабық эксперттік талдау жүргізіп, пікір білдіреді. Міндетті анонимді пікір білдіруден кейін материалдар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жарияланады, мақала жазылған тілден басқа тілде түйіндемесі беріледі.          

  •           Журнал қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жарияланады. Журнал жылына 4 рет шығады. 

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
bottom of page