top of page
01

«Үлкен Алтай әлемі» ғылыми журналының редакция алқасы ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі комитетімен (Committee on Publication Ethics) анықталған ұсыныстарында, сондай-ақ Elsevier баспасының Ғылыми жарияланымдар этикасы бойынша Нұсқаулығында (Publishing Ethics Resource Kit) қарастырылған халықаралық қауымдастықпен қабылданған жариялану этикасы қағидаттарын ұстанады.

 Журналдың әрбір редациялық алқа мүшесі, автор, рецензент, баспагер этикалық стандарттарды, нормалар мен ережелерді ұстануы тиіс және олардың бұзылмауы бойынша барлық ақылға қонымды шараларды қабылдауы тиіс.

Мақала авторлары ұсынылған материалдардағы ғылыми дәйектілік пен ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңалығы үшін жауапкершілікте болады. Авторлар анықталған қате жөнінде редакцияға хабарлаулары және оның түзетілуіне көмек көрсетулері тиіс.

Басқа біреуден көшіру, ресімделмеген цитаталар немесе плагиат автордың этикаға қарсы әрекеті ретінде қарастырылады.

Ғылыми мақаланы бір уақытта бірнеше журналға ұсыну, жарияланымды қайта көшіріп жариялау автордың әдепсіз іс-әрекеті ретінде қарастырылады.

Ұсынылған мақала журналды ресімдеу ережелері мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.

 

Жарияланымдар этикасы
02

Редакцияға түскен барлық мақалалар, тәуелсіз рецензиялаудан өтеді. Редакцияға түскен барлық ғылыми мақалалар журналдық тақырыптық бағытына сәйкестігіне, журналдың редакциялық алқасымен бекітілген жарияланымдарға, ресімдеуге қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігі қарастырылады.

Мақала анонимді рецензиялауға жіберіледі, ол ғылыми объективтілік тұрғысынан нақты ғылыми бағыт бойынша терең кәсіби білімі мен тәжірибесі бар жоғары білікті ғалымдар мен мамандармен өткізіледі. Рецензиялау мерзімі 1-ден 3 айға дейін.

Авторға рецензенттің қолы қойылмаған және тегі, лауазымы, жұмыс орны көрсетілмеген, мақала мазмұнын түзету бойынша ұсыныстары мен ұсынымдары бар рецензиясы жіберіледі.

Мақаланы түзеткеннен кейін автор, енгізілген өзгерістерді басқа түспен белгілеп және рецензиясын салып оны қайта жібере алады.

Мақалаға теріс рецензия берілу жағдайында, соңғысы редакция алқасымен қабылданбайды.

Журналдың редакциялық баспа алқасы және рецензенттер ғылыми мақалалардың авторларымен хабарласпайды.

 

Рецензиялау саясаты
03
Материалдарға қолжетімділік саясаты туралы декларация

Редакция жарияланатын материалдарға «ашық қолжетімділік» саясатын ұстанады.

Баспа «Ашық қолжетімділік» деп Будапештік бастамаға сәйкес (АҚББ) (http://www.budapestopenaccessinitiative.org/translations/russian-translation) интернет арқылы журналда жарияланатын материалдарға ашық қолжетімділікті түсіндіреді және әрбір автор мен пайдаланушының оқу, жүктеу, көшіру, тарату, басып шығару, іздеу немесе толық мәтінді мақалаларға сілтеме жасау, робот-индексаторлармен іздестіру жасау, оларды мәліметтер базасы ретінде бағдарламалық қамсыздандыруға енгізу немесе басқадай заңды мақсаттар үшін егер қаржылық, құқықтық және техникалық кедергілердің болмауы кезінде, яғни Интернетке қолжетімділікке кедергі болатын жағдайлардан басқа.  

Бірақ осы тұста осы саладағы мақаланы қайта өңдеу немесе тарату және көшіруге бір ғана шектеу бар ол автордың өз зерттеу жұмысының бүтіндігіне бақылау жасауға және жұмысты пайдаланған кезде оған сілтеме жасалуына және оны цитаталауға құқығы бар.

«Үлкен Алтай әлемі» https://www.journalaltai.com/ халықаралық ғылыми журналының толыққанды мақалалар мәтіні https://www.journalaltai.com/ журнал сайтында, сондай-ақ  eLIBRARY.RU https://elibrary.ru/title_about.asp?id=54819 ғылыми электронды кітапхананың сайтында орналыстырылады. Әрбір ғылыми мақалада авторлардың: жұмыс орны (университет, институт), (кәсіпорын және басқадай мекемелер, қала, мемлекет), лауазымы, ғылым дәрежесі, ғылыми атағы, толық пошталық мекенжайы және электрондық адрес беріледі, бұл әртүрлі мемлекеттер мамандарының авторлармен тікелей сұхбаттасуға, хат жазысуға мүмкіндік береді. Әр мақалаға DOI беріледі

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
bottom of page